Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау облысының
дене шынықтыру және спорт басқармасы
"Еуропалық футбол апталығы аясында юнифайт шағын футболдан республикалық турнир өтті
Жарияланды: 24.05.2019
Қаралды: 246

18-19 мамыр аралығында Талдықорған қаласындағы "Жастар" спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі ерекше спортшылар арасында "Еуропалық футбол апталығы аясында юнифайт шағын футболдан республикалық турнир өтті. Жарыстың ұйымдастырушылары:" Қазақстанның Арнайы Олимпиадасы"ҚБ, Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысының Мүгедектік спорт клубы. Маңғыстау облысынан 2019 жылғы шағын футболдан облыстық турнирдің жеңімпазы N  2 Арнайы жалпы білім беру мектебінің түлектері мен окушыларынан құралған құрама команда қатысты.  Турнирде барлығы 8 облыстан 10 команда (Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Алматы облысынан 3 команда және Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары) жарысқа түсті. 

Өз дивизионында біздің футболшылар Ақтөбе облысының құрама командасынан ұтылып қалып, екінші орынға ие болды. Үшінші орын Нұр-Сұлтандықтардың еншісінде. N2  Арнайы жалпы білім беру мектебінің ұжымы және ата-аналар атынан мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға каржылай қолдау көрсетіп, жарысқа қатысуға жағдай жасағаны үшін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына (Басшының міндетін атқарушы Р. Саттыбаев) алғысымыз  шексіз. Спортшыларды жарысқа дайындаған дене тәрбиесі пәні мұғалімдері М. Жарылгас және Н. Жарылгасова.

Басқарма басшысы
Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы