Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау облысының
дене шынықтыру және спорт басқармасы
Панкратионнан өткен әлем чемпионатында маңғыстаулықтар 11 медаль жеңіп алды
Жарияланды: 20.11.2019
Қаралды: 110

Маңғыстау спортшыларының қоржынында үш «алтын», төрт «күміс» және төрт «қола» болды. Жарыстар Италия астанасы - Римде өтті. Жарыс 15-17 қараша аралығында өтті. Чемпионатқа 200 спортшы қатысты. Маңғыстау облысына 13 палуан қатысты.

Чемпионат нәтижесі бойынша Райс Жеңісұлы (60 келі), Әлібек Қожабаев (71 келі) және Иса Каримов (75 келі) алтын медальдарға ие болды.

Екінші орынды Темірлан Халидулла (65 келі), Ернар Қайыржанұлы (66 келі), Ғабит Машырықов (75 келі) және Еркенбек Қосаев (92 келі) иеленді. 

Нұрбол Құлжабаев (55 келі), Құдайберген Өтепов (60 келі), Азамат Ізмағанбетов (75 келі) және спорт ардагер Ілияс Бейсенғалиев (77 келі) бұл жарыста үшінші болды.

- Қадірлі жеңімпаздар! Баршаларыңызды Панкратионнан өткен әлем чемпионатында Қазақстанның тамаша жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Үш күн бойы барша Маңғыстау халқы ұлы аламанға үкілеп шығарып салған үміттерінің тілеуін тілеп, жанкүйер болды. Алыс сапарға, жауапты жарысқа елдің батасын алып аттанған спортшыларымыз үмітті ақтады! Италия астанасы Рим төрінде қазақ елінің көк байрағы 3 мәрте әлемнің барлық елдерінің туларынан биікке көтерілді. Отанымыздың әнұраны 3 рет Рим көгінде әуеледі. Баршаңызға алдағы уақытта  қайсар спорттық рух, жаңа табыстар мен жарқын жеңістер, күш-қайрат пен ерік-жігер тілеймін! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер деп, - Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы құттықтау сөздерімен алғыс білдірді.

Басқарма басшысы
Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы