Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау облысының
дене шынықтыру және спорт басқармасы
Абу-Дабидегі Ақтау қаласы қызының джиу-джитсудан әлем чемпионатындағы жеңісі, біздің облысымыздың, жалпы еліміздің спорт тарихына енді!
Жарияланды: 21.11.2019
Қаралды: 134

Джиу-джитсудан Әлем кубогы 14 қарашада БАӘ-де басталып, 24 қарашада аяқталады. Ақтау спортшысы Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында 52 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында «неваз-жүйелер», яғни айтқанда «неваза-систем»  бөлімінде өнер көрсетті. Ол Канада, Швеция қарсыластарынан сәтті жеңді. Финалда ол Ресейдің тәжірибелі спортшысымен кездесіп, «алтынды» жеңіп алды. Оның алғашқы және жеке жаттықтырушысы Ержан Бек-Алидің айтуынша, ол джиу-джитсудан Қазақстан тарихындағы алтыннан бірінші болып жеңімпаз атанды. Айта кету керек, Мөлдір Мекенбаева халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие. 

«Біздің чемпион Мөлдір Мекенбаеваны жеңісімен құттықтаймыз! Мөлдір тағыда өзінің мықты рухын, күшті ерік-жігерін және жоғары шеберлігін көрсетті. Маңғыстау және барша Қазақстандықтар өз чемпионын мақтан тұтады!» - осылайша чемпионымызды, Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы құттықтады. 

Басқарма басшысы
Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы