Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау облысының
дене шынықтыру және спорт басқармасы
Маңғыстаулық боксшылар екі алтын, үш күміс және төрт қола жеңіп алды.
Жарияланды: 25.11.2019
Қаралды: 86

Ағымдағы жылдың 24 қараша, жексенбіде «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан спортшылары арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шокыр Бөлтекұлыны еске алуға арналған бокстан Халықаралық турнирі аяқталды.

Маңғыстау құрамасының  қоржынына алғаш алтын медальді  69 келі салмақта өнер көрсеткен Сұлтан Шаршов әкелген. Сұлтан,  Жамбылдан келген қарсыласымен шаршы алаңында ақтық сайыста кездесіп жеңіске ие болған. Сонымен қатар, алғаш рет 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрас Жеңіс 3: 2 есебімен Қырғызстандық қарсыласынан басым түсті. Алтын медальге ие болған.

«Күмісті» командаға 52 келі салмақта Қуаныш Дүйсенбай, 91 келі салмақта Нұрлан Сабиров пен 91 келіден жоғары салмақта Айболда Дәуренұлы әкелді.

Қола жүлдегерлер: Самат Жетибаев (52 кг), Саматали Толтаев (57 кг), Мәулен Өскенбек (69 кг) және Арман Нурасылов (81 кг).

Төрешілер алқасының шешімі бойынша үздік жекпе-жектің жүлдесін Әбілхан Аманқұл (Жамбыл) және Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда) алды. Айтбек ұлы Талайбек (Қырғызстан) жеңіске деген ұмтылысы үшін сыйлықпен марапатталды. Үздік техника үшін - Баходур Усмонов (Тәжікстан). Үздік төреші - Тәжікстаннан Мансур Мухиддинов марапатталды.

Басқарма басшысы
Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы