Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Ресми интернет-ресурсы
Маңғыстау облысының
дене шынықтыру және спорт басқармасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қариялар қазынамыз» атты ардагерлер арасында облыстық спартакиадасында арнайы шақырылған қонақ, жақын арада Португалия елінен әлем кубогінен жеңіспен оралған Ковтун Александр Илларионовичке алғыс хат табысталды
Жарияланды: 28.11.2019
Қаралды: 77

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қариялар қазынамыз» атты ардагерлер арасында облыстық спартакиадасында арнайы шақырылған қонақ, жақын арада Португалия елінен әлем кубогінен жеңіспен оралған Ковтун Александр Илларионовичке алғыс хат табысталды. Бүгін, ағымдағы жылдың 27 қараша күні ардагерлер арасында «Қариялар қазынамыз» атты облыстық спартакиадасында Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы салтанатты ашылу аясында ардагер спортшыларға жылы лебіздерін білдіріп, барлық қатысушыларға лайықты қарсыластар мен жарқын жеңістер тіледі. Сонымен қатар, арнайы спартакиядаға шақырылған қонағы Ковтун Александр Илларионовичке салтанатты түрде дойбы, шахмат спорт түрлерінің дамуына үлесін қосқаны үшін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан алғыс хатын табыстады. Еске сала кетейік, біздің жерлесіміз осы жылдың 2 мен 9 қарашасы аралығында Португалияда - Портимао қаласында өткен халықаралық «Дойбы-64» байқауының барлық төрт санаты бойынша ардагерлер арасында чемпион болды. Ресми кездесу соңында, ардагерлер чемпионы және Қанат Қошқарбайұлы дойбы ойынында жолдастық кездесу өткізді.   

Басқарма басшысы
Жұмабаев Қанат Қошқарбайұлы