Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
 

Тіркелу

 

 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.



 
 
По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Ресми интернет-ресурсы

Дене шынықтыру және спорт басқармасы

ЕРЕЖЕ

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы

Е Р Е Ж Е

Ұйымдық-құқықтық нысаны:    мемлекеттік мекеме (ММ)

Мемлекеттік меншік түрі:    коммуналдық

Құрылтайшысы:    Маңғыстау облысының әкімдігі

Орналасқан жері:    Қазақстан Республикасы,

Маңғыстау облысы, 130000,

    Ақтау қаласы, 12 шағын аудан,

«Мұнайшы» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимараты

2013жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, «Мұнайшы» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимараты. 

9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление физической культуры и спорта Мангистауской области».

10. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.

11. Осы Ереже «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, облыста жоғары білікті және спорттық резервтегі спортшыларды дайындау болып табылады.

16. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1)  спорттың халықаралық стандартқа сай материалдық-техникалық базасын және инфрақұрылымын дамыту;

2)  Маңғыстау облысының спортшыларын республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

3)  облыс тұрғындарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту болып табылады.

17. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіпте келесідей функцияларды жүзеге асырады:

1) спорттың әр түрi бойынша облыстық жарыстар өткiзедi;

2) спорттың әр түрi бойынша облыстық  құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

3) Маңғыстау облысының аумағында бұқаралық спортты және ұлттықспорт түрлерiн дамытуды қолдайды;

4) Маңғыстау облысының аумағындағы ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

5) Маңғыстау облысының аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;

6) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;

7) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;

8) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

9) Маңғыстау облысының аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

10) дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;

11) емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша Маңғыстау облысының аумағында дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің қызметін қамтамасыз етеді;

12) спорттық ғимараттарға санат береді;

13) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  18. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерді іске асыруда және өз функцияларын жүзеге асыруда белгіленген тәртіпте мыналарға:

1) «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін облыс әкімдігінің және (немесе) әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, қаулыларның жобасын дайындауға қатысуға;

2) бекітілген тәртіпте мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға мәліметтер ұсынуға;

3) бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамына енген спортшыларды ұстау бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге;

5) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

  19. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1) «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

2) бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

3) «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;

4) «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін ұйымдастыру

20. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

21. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

22. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

23. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарының, бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2)  «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3)  заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді және көтермелеу шараларын қолданады;

4)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұйрықтар шығарады;

5)  «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

6)  барлық мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

7)  ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;

8)  «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттар жобаларының әзірлену барысын бақылайды;

9)  «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмыстарды бақылайды;

10)  «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;

11)  белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың ұтымды және мақсатты орындалуын бақылайды;

12)  «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

13)  «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмысқа  жеке жауапты болады;

14)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

  24.  «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мүлкі

25. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

26. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

27. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

29. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

30. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

31. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Маңғыстау облысының әкімдігімен жүзеге асырылады.

 

Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағындағы ұйымдардың  тізбесі

1)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау облысының олимпиадалық резервін даярлау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2)  Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

3)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каспий» баскетбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

4)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каспий» волейбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

5)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каспий» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

6)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм,  дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектік спорт клубы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

7)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жаңаөзен қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

8)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жаңаөзен қаласының жеңіл атлетика және футбол бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

9)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түпқараған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

10)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қарақия аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

11)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

12)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бейнеу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

13)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Футбол бойынша олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

14)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бокс бойынша олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

15)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Күрес бойынша олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

16)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каратэ-до бойынша олимпиадалық резервке мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

17)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дзю-до және қазақша күрестен  балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

18)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Желкенді спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

19)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жастар» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

20)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Маңғыстау селосының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

21)  Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мұнайлы ауданының Дәулет селосының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

22)  Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жас Қанат» спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

23)  Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ат спорты түрлерінің Маңғыстау облыстық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.


Ақпараттық ресурстар
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті ресми-интернет ресурсы http://kk.sport.gov.kz/
Қазақстан спорт порталы http://www.sports.kz/
sportinfo.kz спорт сайты http://www.sportinfo.kz/
PROСПОРТ ҚАЗАҚСТАН http://prosportkz.kz/
"Мақсат"теннис академиясы http://www.tennis.kz/
"Қайрат" мини-футбол клубы http://kairat-futsal.kz/
gazeta.kz медиа-порталы http://sport.gazeta.kz/
SK СПОРТ http://sk-sport.kz/
KAZsport телеарнасы http://kazsport.kaztrk.kz
Дзюдо федерациясы http://confederation.kz/judo
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті http://www.olympic.kz/